Ерлан Қарин Парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қалай жиналатынын айтты

227

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші желідегі парақшасына жазды.

Ерлан Қарин Парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қалай жиналатынын айтты Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Олар "Парламенттік реформа" атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады. Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес келеді, – деп толықтырылған жазба.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу