Ерлан Қарин саясиландыруға болмайтын тақырыптарды атады

323

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин саясиландыруға болмайтын, эмоциясыз, салмақты пікіралмасу қажет тақырыптарды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қарин саясиландыруға болмайтын тақырыптарды атады Фото: gov.kz

Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының Бас тақырып бағдарламасында айтып берді.

"Оның үстіне бұл ретте жасырып айтатындай немесе басқаша қабылдануы мүмкін деп уайымдайтындай негіз жоқ деп ойлаймын. Себебі билік өз ұстанымдарын алдымен ашық жеткізуі тиіс және бұл ұстанымдар бәріне қажет. Ол қандай мәселе? Менің айтпағым, елімізде соңғы жылдары жүзеге асқан саяси реформаның нәтижесінде плюрализм, яғни, көзқарас алуантүрлілігі, пікір алуантүрлігі әбден орнықты. Әлеуметтік желіден, басқа жерлерден қарайтын болсақ, билікті сынауды айтпағанның өзінде кез келген мәселені көтеріп, айтып жатады. Қалаған формасында жеткізеді. Қалаған тақырыпты көтеріп, қозғайды. Бірақ, осы жағдайда кейбір тақырыптар, оның ішінде дін, тіл, ұлтаралық қатынастар, сыртқы саясат мәселелері бойынша қатты эмоцияға берілмей, байыпты, салмақты пікірталас жасау қажет. Бұл тақырыптарды талқылауға тыйым салынады дегенді білдірмейді. Бірақ, бұл тақырыптарды саясиландырмай, эмоциясы, салмақты пікіралмасу қажет. Себебі көп мемлекеттердің түбіне жеткен осы тақырыптар төңірегіндегі даулар. Біздің де қоғам әртүрлі, біркелкі емес. Еркіндік, бостандық және тәртіп ұғымдарының құндылықтары бір-біріне қайшы емес", – деді Ерлан Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу