Ерлан Карин шетелдік гранттар туралы: Көбінесе бұл – бизнес

271

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин кейбір қазақстандық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) шетелден алатын гранттары жайында пікір білдірді.  

Ерлан Карин шетелдік гранттар туралы: Көбінесе бұл – бизнес Фото: Qogam_news

Бұл туралы Qogam News YouTube арнасында журналист Динара Сәтжан және саяси шолушы Әділ Сейфуллинмен сұхбат барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

– Мұндай ұйымдар мен адамдар өте көп, олар қандай да бір жағдайға немесе мәселеге "жабысып", пайда көруге тырысады. Қызығы сол, олар тіпті бұл проблемалардың шешілмеуіне көбірек мүдделі болуы мүмкін. Өйткені бұл оларға материалдық әрі психологиялық тұрғыдан тиімді, – деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, мұндай белсенділер мен ҮЕҰ өкілдері Қазақстандағы оң өзгерістер туралы хабар таратуға аса мүдделі емес.

– Олар үнемі тек жағымсыз есептер жібереді. Себебі оң өзгерістер болса, сөз бостандығы, демократия деңгейі, адам құқықтарының сақталуы бойынша рейтингтерде еліміздің орны өзгереді. Бұл жағдайда оларды қаржыландыру тоқтауы мүмкін. Сондықтан көпшілігі үшін бұл – бизнес, – деп түсіндірді Мемлекеттік кеңесші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу