Ерлан Қошанов: Қазақстанның жаңартылған Конституциясымен құттықтаймын

1424

"Халқымыз өз тағдырын өзі айқындады". Бұл – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың 5 маусымда өткен референдум туралы пікірі. 

Ерлан Қошанов: Қазақстанның жаңартылған Конституциясымен құттықтаймын

"Баршаңызды Қазақстанның жаңартылған Конституциясымен құттықтаймын. Өткен референдумның қорытындысы бойынша қазақстандықтардың басым көпшілігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Азаматтарымыздың сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруі – мемлекет басшысының бастамаларына сенімінің көрсеткіші", – деді ол.

Қошанов депутаттарға референдумды түсіндіру үшін күніне 250-ге жуық кездесу өткізгені үшін алғыс айтты. 

"Президенттің маңайына топтасып, сенім мен ынтымақты еселей түсуіміз керек. Алға қойған биік мақсаттың бәріне бірдей қол жеткізуіміз қажет. Референдум жаңа Қазақстанға жол ашты. Оны халқымыздың жақсы қабылдағанын барлығымыз көріп, біліп, сезіп отырмыз. Халықаралық және отандық сарапшылар да науқанның әділ әрі ашық өткенін айтып, жақсы пікір білдіріп жатыр. Бұл – үлкен істің басы ғана. Алдымызда маңызды әрі ауқымды жұмыстар күтіп тұр", – деді Қошанов.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу