Australian Open турнирінде ерлер арасындағы финалдық матч өтті. Шешуші кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер (Италия) мен әлемнің екінші ракеткасы Александр Зверев (Германия) кездесті.
Синнер Аустралия ашық чемпионатының қазіргі жеңімпазы ретінде бұл атағын қорғап қалды. Италиялық теннисші алғашқы сетте қарсыласының жойқын соққыларына қарамастан, сенімді түрде жеңіске жетті – 6:3. Екінші сет тартысты өтті. Зверев үнемі есепте алда болды және сетті 6:5 есебімен аяқтауға біртабан жақын болды. Алайда, тай-брейкте Синнер мықтылығын көрсетіп, жеңісті өз пайдасына жазды – 7:6 (4).
Үшінші сетте италиялық теннисші тағы да 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матч екі сағат 45 минутқа созылды. Синнер 6 рет эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 10 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ал Зверевтің еншісінде 12 эйс және екі қос қателік болғанымен, ол бірде-бір брейк-пойнт жасай алмады.
Бұл Синнердің "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі үшінші, ал мансабындағы Australian Open додасындағы екінші титулы. Бұдан бөлек әлемнің 1-ракеткасы 2,2 млн доллар сыйақыға ие болып, көшбасшылығын одан әрі нығайтты.
Айта кетейік, Аустралия ашық чемпионатына ерлер арасында қазақстандық теннисшілерден Александр Бублик пен Александр Шевченко да қатысқан болатын.
Өкінішке қарай теннисшілеріміз бірінші айналымнан әрі аса алмады. Ал, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин тек іріктеуде бақ сынады. Александр Недовесов жұптық сында бірінші айналымда жеңіліс тапты.