Кездесу Вулверхэмптон қаласында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды. Эрлинг Холанд дубль авторы атанса, тағы бір голдан Райан Шерки мен Тиджани Рейндерс соқты.
Келесі турда "Сити" өз алаңында "Тоттенхэммен" ойнайды, ал "Вулверхэмптон" сырт алаңда "Борнмутқа" қарсы кездеседі. Екі матч та 23 тамыз күні өтеді.
"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд осы матчта тағы бір рекорд орнатты. Оның осы матчтағы алғашқы голы клубтағы жалпы есептегі 125-ші голы болды.
Бұл көрсеткішке ол небәрі 147 матчта жетті. Бұған дейін мұндай нәтижені "Ситидің" ешбір ойыншысы тіркей алмаған. Алдыңғы рекорд иесі Серхио Агуэро еді, ол 125 голға жету үшін 189 ойын өткізген.
Эрлинг Холанд "Манчестер Сити" сапында 3 жылдан бері ойнап келеді. Шілде айында Хосеп Гвардиола командасының шабуылшысы 25 жасқа толды.