Қазақстан Сыртқы істер министрі Украина Елшісімен кездесті

519

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Майконы қабылдады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Украина Елшісімен кездесті Фото: СІМ

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Астана мен Киевтің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдетуге дайын екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу