"Ертіс" "Алматыдан" айласын асырды

1446

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында бүгін екі кездесу өтті.

"Ертіс" "Алматыдан" айласын асырды Фото: pro.ligasy.kz

"Ертіс" пен "Алматы" жеңімпазды қосымша уақытта анықтап, жекпе-жек 4:3 есебімен аяқталды. Павлодарлықтар сапынан Филипп Святина үш голды да өз еншісіне жазды. Овертаймда Юсуп Асухановтың қақпаға бағытталған дәл соққысы айдын иелеріне маусымдағы сегізінші жеңісті сыйлады.

Бұл нәтиже "Ертістің" турнирлік кестеде жетінші орынға шығуына мүмкіндік берді.

"Ертіс" - "Алматы" 4:3 ОТ (1:0, 1:1, 1:2, 1:0)

1:0 - 04:58 - Святына

2:0 - 25:44 - Святына (Ищенко, Олендаренко)

2:1 - 34:24 - Машинец (Баженов, Анисимов)

3:1 - 43:18 - Святына (Евлоев)

3:2 - 53:50 - Рыжих (Анисимов, Баженов) ГМ

3:3 - 56:25 - Твердохлебов (Машинец)

4:3 - 63:34 - Асуханов (Атаханов)

ҚақпашыларНечвиенко - Вилардо

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында қызықты жайт орын алды. Shaiba.kz мәлім еткендей, "Алматы" хоккей клубының басшылығы ҚХФ "Сарыарқамен" 23 қазанда өткен Қазақстан чемпионатының кезекті матчының нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеді және қарағандылық командаға турнирлік ережеге сүйене отырып, 572 400 теңге айыппұл салуды талап еткен.

Ол кездесуде "Халық Арена" мұз айдынында оңтүстік астаналық хоккейшілер 1:9 есебімен жеңіліс тапты. Мәселе мынада, "Сарыарқаның" ойыншылар тізімінде қорғаушы Данил Бутенко болды және ол нәтижелі пас берді. Алайда хоккейші "Барысқа" тиесілі болып шықты. Сондықтан оның қарағандылық командада ойнауға құқығы болмады. Қазақстан чемпионы сапында павлодарлық хоккейші 3 кездесу өткізіп үлгерді.

4 қазан күні "Сарыарқаның" баспасөз қызметі 21 жастағы қорғаушымен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. ҚХФ-на трансферді тіркеген кезде олар "Барыстың" Данил Бутенкоға құқығы бар екенін байқамай, қателесіп, оны қарағандылық клубқа тіркеген. Бірыңғай ақпараттық жүйеде  техникалық ақау орын алғаны атап өтілді.

Сонымен қатар бүгін "Сарырақа" "Торпедомен" сынға түсті. Өскемендіктер кездесудің соңғы минуттарына дейін ойында белсенді өнер көрсетті. Бірақ жеңіс қарағандылық хоккейшілерге бұйырды. Ал "Торпедо" қатарынан бесінші мәрте жеңіліс тапты.

 "Сарыарқа" - "Торпедо" 4:1 (2:0, 0:1, 2:0)

1:0 - 03:10 - Гавриленко (Злобин, Гофман)

2:0 - 16:09 - Данияр (Исмагилов, Двуреченский)

2:1 - 31:48 - Дзедаев (Алдабергенов, Зубов)

3:1 - 58:37 - Фёдоров ГМ

4:1 - 59:33 - Яковлев (Пархоменко)

ҚақпашыларКаратаев - Осокин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу