“Ертіс” футбол клубының көшбасшы ойыншылары команда сапынан кетті

195

Қазақстанның бес дүркін чемпионы, павлодарлық “Ертіс” команданың даму бағытын түбегейлі өзгертіп, Премьер-лигаға оралу қарсаңында жанкүйерлерді таңғалдыруды көздеп отыр.

“Ертіс” футбол клубының көшбасшы ойыншылары команда сапынан кетті

"Ертіс" басшылығы спорттық директор мен негізгі ойыншылардың басым бөлігін қызметтен босатты. Клубтың спорттық директоры Константин Горовенко мен менеджер-селекционер Данияр Шадыев күтпеген жерден жұмыстан кетті. Команданың болашақ құрамын жасақтап жүрген мамандардың не себепті кеткені әзірге жұмбақ.

Тек басшылық қана емес, команданың тірегі болып жүрген жұлдыздар да жаппай кетіп жатыр. Клуб сапынан бірден 10 футболшының кеткені белгілі болды: Владислав Васильев, Еркебулан Тұңғышбаев, Владимир Воменко, Нұрғайни Бөрібаев, Әділхан Добай, Мұхаммед Еңсебаев, Нұрәлі Елемес, Арман Кеңесов, Мирам Кикбаев және Темірлан Төребек.

Бұған дейін команданы қазақстандық маман Самат Смақов жаттықтырады деген сыбыс шыққан еді. Алайда УХО телеграм-арнасының мәліметінше, клубты жаңа маусымда Кирилл Альшевский басқарады. 43 жастағы бұрынғы БАТЭ бапкері Альшевский жақын арада ҚПЛ-ның жаңа қатысушысы "Ертіспен" келісімшартқа отырады.

"Ертіс" соңғы рет Қазақстан Премьер-лигасында 2019 жылы ойнаған. Ал, 2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша 60 жылдық тарихы бар команда ҚПЛ-ға қайта оралды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу