Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мекеме басшылығына "ERTIS" футбол клубы атынан өтініш түсті, - деп хабарлайды ҚКФЛ-ның ресми сайты.
Қабылданған құжатта "ERTIS" футбол клубының Қамқоршылық кеңесінің жалпы жиналысында клуб тарапынан қаржы және спорттық міндеттемелерді орындай алмайтындығына байланысты 2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысуға бас тартуға шешім қабылдағаны туралы жазылған.
Қабылданған өтінішке байланысты "ERTIS" футбол клубы Чемпионатқа қатысушылар тізімінен шығарылады.
2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатыны Регламентінің 4.18 пунктіне сәйкес егер де Чемпионаттан шығарылған клубтың командасы аталған Чемпионатта 22 ойыннан кем кездесулер өткізсе (1-ші және 2-ші айналымды аяқтамаса), оның барлық нәтижелері жойылады. Сонымен қатар "ERTIS" клубының бас командасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысуға бас тартқаны үшін клубтың жастар командасы Екінші лига командалары арасындағы біріншілікке қатыса алмайды.
"ERTIS" футбол клубының барлық ойындары Чемпионаттың жаңартылған күнтізбесінен алынып тасталады.
Ермұхамед Мәулен