Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

131

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ертуған Зейнуллинов сәтті өнер көрсетуде.

Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 65 келі салмақтағы отандасымыз Ертуған Зейнуллинов жарысты сенімді бастады. 1/8 финалда ол Тайпей боксшысы Ю Линге қарсы рингке шықты.

Жекпе-жек басталысымен Ертуған қарсыласын бірден қысымға алып, белсенді шабуыл ұйымдастырды. Оның дәл әрі нәтижелі соққылары кездесудің тағдырын ерте шешті деуге болады. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Ертуған Зейнуллиновке берді.

Жартылай финалға шығу үшін Ертуған Зейнуллинов қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен жұдырықтасады. Ол Тәжікстан өкілі Руслан Гафуровты 4:1 есебімен жеңген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу