Ержан Біржанов: Қазақстан Ұлттық қордан толық бас тартпайды

Мұны Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі айтты. 

Ержан Біржанов: Қазақстан Ұлттық қордан толық бас тартпайды Фото: canva.com

Оның сөзінше, еліміз Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерден толық бас тартпайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Биыл республикалық бюджет кірісі айтарлықтай артқан. Мысалы, бірінші тоқсан қорытындысында түсімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,6 пайыз болған. 

– Өткен жылы осы кезеңде республикалық бюджетке шамамен 3,1 трлн теңге түссе, биыл бұл көрсеткіш 4,076 трлн теңгеге жетті. Яғни, шамамен 1 трлн теңгеге артық, – деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол бұл өсім өткен жылмен салыстырмалы көрсеткіш екенін, ал жалпы алғанда бюджет жоспары толық орындалғанына тоқталды. 

– Қазіргі жылы жоспарлар ауқымды. Сондықтан, қандай да бір қайта бөлу немесе механизмдерді өзгерту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Өздеріңіз білесіздер, биыл біз нысаналы трансферттерден бас тарттық. Қазір тек Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт сақталды, – деп нақтылады ол. 

Вице-министр алдағы уақытта салық базасы нығайған жағдайда Ұлттық қорға тәуелділікті біртіндеп азайту мүмкіндігі қарастырылатынын жеткізді. 

– Бізде бюджет тапшылығы бар. Сол тапшылықты жабу үшін түрлі қаржыландыру көзі пайдаланылады, – деді Ержан Біржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу