Ержет Жарылқасын грек-рим күресінен Албаниядағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдені қанағат тұтты. 63 келіде белдескен отандасымыз финалда Әзірбайжан балуаны Нихат Маммадлиге 6:1 есебімен есе жіберді. Алғашқы айналымында отандасымыз 1 ұпай иеленіп, алға шыққанымен, екінші айналымда қарсыласына 6 ұпай беріп, жеңіліп қалды.
Осылайша 25 жылдан бері әлем чемпионатының алтыны бұйырмай жүрген отандық классикалық балуандардың сәтсіздігін Ержет Жарылқасын да бұза алмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу