Есеп комитетінің басшысы бақилық болды

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
3830

Ақпанның 12-сіне қараған түні Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин дүниеден озды.

Есеп комитетінің басшысы бақилық болды Фото: ortcom.kz

"Бүгін түнде 57 жасында Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин дүниеден озды. Ол жүрек ауруынан қайтыс болды", - деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі.

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 1960 жылдың 2 маусымында Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында туған. Экономист-математик, МЭСИ аспиранты, экономика ғылымдарының докторы, ол еңбек жолын ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау мекемесінің жанындағы Ғылыми-зерттеу институтының инженері ретінде бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әр түрлі жылдары ҚР экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас маманы, ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, Қазақстан Президенті жанындағы Экономикалық кеңес берушілер кеңесі басшысының орынбасары, Қазақстандағы Еуропа қауымдастықтары комиссиясы бюросының ұлттық директоры, Алматы қалалық Экономика комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

1997 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта  Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды, кейін 2007 жылға дейін Қорғаныс министрінің қаржы және экономика жөніндегі орынбасары лауазымында болды. Кейінірек Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдың 15 қаңтарынан бастап Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы лауазымында қызмет етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу