Есептік тоқсанның ауылы алыстап кетті

2467

Қаржылық есепті ұсыну мерзімін шегеру – банктердің және реттеушінің қаржылық тұрақтылық бағдарламасын қысқа мерзімде іске асыруына мүмкіндік береді.

Есептік тоқсанның ауылы алыстап кетті

26 қыркүйек күні "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) басшылығы қаржылық тұрақтылықты дамыту бағдарламасына қатысатын субординацияланған облигациялар шығаратын банктерге арналған листингтік ережеге өзгеріс енгізді. Ережеге енгізілген өзгеріс тексеру есебін, аралық қаржы есебі мен инвестициялық меморандумды ұсынудың мерзімін кейінге шегеруге мүмкіндік береді. Бұл шешімнің мақсаты мен тәуекелі жайында KASE басқарамасы төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская abctv.kz-ке берген сұхбатында толығырақ айтты.
– KASE басшылығының банктердің есепті ұсыну мерзімін шегеруге қатысты шешім қабылдауына не себеп болды?

– Листингтік ережедегі өзгертуде  шегеру мерзімін тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банк басқармасының 2017 жылдың 30 маусымындағы №129 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының банк секторындағы қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатысушы банктер ғана пайдалана алады.

Бұл шешім бағдарламаны қабылдау және оны іске асыруға  байланысты қабылданды.  Бағдарлама "Ұлттық банк басқарамасының сараптау, қаржылық моделді бағалау және банк саясаты негізінде субордианцияланған қарызды ұсыну туралы шешім қабылданады" деп көрсетілген.

Банктердің субордианцияланған облигациялары субордианцияланған қарыз болуы мүмкін, сонымен қатар ол ұйымдасқан нарықта орналастырылып, сатылуы мүмкін.

Сондай-ақ Қазақстандағы екінші деңгейлі 33 банктің 30-ы биржаның мүшесі екенін және биржаның қаржылық есеп пен басқа да бар ақпаратты ашу талабын орындайтынын естен шығармаған дұрыс. Көптеген банк қазірдің өзінде KASE биржасында құнды қағаздарын орналастырып, ақпаратты ашу бойынша листингтік талаптарды  орындаушы листингтік  компания болып отыр.

Осылайша, банктердің қазіргі жұмысы мен қаржылық есептілігі туралы ақпаратты жария ету деңгейі  жоғары болып тұр. Бұл жақында осы бағдарламаға қатысатын банктердің облигациялар листингіне арналған құжаттар пакетін азайтуға мүмкіндік берді,

– Мерзімді шегеру қанша уақытқа созылады?

–  Тағы да қайталап айтамын, мерзімді шегеру  мүмкіндігін тек бағдарламаға қатысатын банктер ғана қолдана алады. Бекітілген шегеру мерзімінің уақыты – 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

–  Осы шешімді қабылдау арқылы қандай нәтижеге қол жеткізбекшісіздер?

–  Біз бағдарламаға қатысушы банктердің өздерінің облигацияларын қысқа мерзімде  биржаға шығуына  мүмкіндік  жасаймыз. Осылайша, бағдарлама аясында шығарылған облигациялар ұйымдасқан нарықта орналасу мүмкіндігі артады. Сонымен қатар осы облигациялар туралы ақпарат листинг және оларды айналымға шығару кезінде нарыққа қатысушылар үшін қолжетімді болады.

–  Осы шешімді іске асыруға байланысты қандай қауіп пен тәуекел туындауы мүмкін?

–  KASE-нің болжамы бойынша, осы шешімді іске асыруда  инвесторларға келетін қауіп жоқ. Жоғарыда айтып кеткенімдей, екінші деңгейді банктер бойынша ақпаратты жариялау деңгейі жоғары. Сондықтан инвесторлардың осы немесе басқа да банктің құнды қағаздарына инвестиция салу туралы шешім қабылдауы үшін мәлімет жеткілікті.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу