"Ешқайсысың аман қалмайсыңдар!": Трамп қаһарына мініп, Иранды тағы да қыспаққа алды

Бұл туралы АҚШ президенті Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтқан.  

"Ешқайсысың аман қалмайсыңдар!": Трамп қаһарына мініп, Иранды тағы да қыспаққа алды Фото: AP Photo / Alex Brandon

Оның сөзінше, Иранға қарсы жаңа әскери соққылар жасалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Бүгін түнде біз оларға (Иранға – ред.) өте ауыр соққы жасаймыз. Ертең түнде де дәл сондай соққы болады. Одан кейінгі түні де шабуыл жалғасады, – деді Трамп.

Ол Fox News арнасының бас тілшісі Трей Йингстке берген сұхбатында АҚШ өкілдері сұхбатқа шамамен бір сағат қалғанда Тегеранмен байланысқа шыққанын айтты.

– Олар келісім жасағысы келеді. Бірақ әр жолы келісім жасаған соң, өз міндеттемелерін бұзады, – деді АҚШ президенті. 

Трамптың сөзінше, Тегеранның Вашингтонмен мәмілеге келуден басқа амалы жоқ, өйткені АҚШ-тың әскери қысымы алдағы уақытта күшейе түспек.

– Келесі апта олар үшін өте ауыр болады. Себебі, кезек электр станцияларына келеді. Одан кейін көпірлерге соққы жасалады. Егер олар келіссөз жасамаса, біз олардың барлық электр станциясын жермен-жексен етеміз, барлық көпірін істен шығарамыз, – деді Ақ үй басшысы.

Иранға қандай хабар жолданғаны туралы сұраққа АҚШ президенті "Келісімге келгендерің дұрыс болады. Әйтпесе, ешқайсың аман қалмайсыңдар. Бұл адамдармен келіссөз жүргізудің жалғыз жолы – күш көрсету, әскери күш қолдану" деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу