Ешкім бір-бірін жария түрде айыптамауы, өзгеден мін іздемеуі қажет – Президент

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында айтты.

Ешкім бір-бірін жария түрде айыптамауы, өзгеден мін іздемеуі қажет – Президент Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының сөзінше, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бәрін бір мақсатқа біріктіру керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Менің ойымша, экология мәселесінде таңдаулыларға басымдық беру – әбестік.

Көп жағдайда экологиялық күн тәртібін әзірлеу немесе қалыптастыру барысында түрлі аймақтар мен елдердің, әсіресе, экономикалық әлеуетін нығайтуға ден қойған дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері мүлдем ескерілмейді.

Алайда дамыған елдер қазіргі экологиялық стандарттарға индустрияландырудың ұзаққа созылған үдерісінің нәтижесінде жеткенін естен шығармайық, – деді ол.

Президент сөз арасында жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуі қажет екенін еске салды. 

– Баршамыз ақылға қонымды, мұқият ойластырылған прагматикалық тәсілге жүгінуіміз керек. Сонда ғана мемлекеттер орнықты даму қағидаттарына сай алға жылжып, өзінің экономикалық өсімі мен прогресіне қауіп төндірмейді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бізді бөлмей, керісінше бір мақсатқа біріктіруге тиіс.

Ешкім бір-бірін жария түрде айыптамауы, өзгеден мін іздемеуі қажет.

Бейбітшілік пен орнықты дамуға мүдделі серіктестер ретінде жауапкершілікті сезініп, нақты әрекет еткеніміз дұрыс, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу