"Ешкім шеше алмады не шешуге құлық танытпады": Президент жол сапасындағы кемшіліктерді қатаң сынға алды

228

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі. 

"Ешкім шеше алмады не шешуге құлық танытпады": Президент жол сапасындағы кемшіліктерді қатаң сынға алды Фото: canva

"Біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту жолында нық қадам бастық. Табыстарымыз көзге көрініп тұр, оны күнделікті өмірде пайдаланып та жүрміз. Бұған дейін атап өткенімдей, елордадағы Урбанистика орталығының тәжірибесін таратудың маңызы зор. Олар қала кеңістігін дамытуда заманауи тәсілдерді сәтті қолданып келеді", – деді Президент.

Орталық елорданың бірыңғай сәулет стилін айқындайтын үлгілер мен дизайн-код әзірлеуде. Әрине, шетелдік тәжірибе де пайдаланылады.Бұл – қажет іс.

"Барлық өңірде осы іспетті орталықтардың жұмысын уақыт оздырмай жолға қою қажет. Олар шаһарлардың біртұтас әрі үйлесімді келбетін қалыптастыруға тиіс. Сонымен қатар Үкімет пен әкімдер қала және ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аударуы керек. Бұл – біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз", – Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу