"Есіктен есікке" акциясы ел назарында

1926

 Ақсу қаласында депутаттыққа үміткерлер тобы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Кандидаттар "Есіктен есікке" акциясы аясында  қала және ауыл тұрғындарына ат басын бұрды.  

"Есіктен есікке" акциясы ел назарында

Агитациялық материалдарды тарату  барысында кандидаттар көпбалалы отбасылар және ауыл тұрғындарымен қоса қарт адамдардың өкпе-назына құлақ түрді.  "Nur Otan" партиясының Ақсу қаласы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ партияның алдағы мақсат- міндеттерін айтып өтті.  Оған қоса  10 қаңтарда  өтетін сайлауда  учаскелерге барып дауыс беруге  шақырды.

Айта кету керек, ауыл мен қала тұрғындары ауылдағы кейбір мәселелерді тілге тиек етті. Атап айтсақ – тұрғын үйлер салу, білім беру мекемелерін жөндеу, сондай-ақ спорт секцияларын тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау. Ақсу қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер қала мен ауыл тұрғындарының арыз шағымдарын жауапсыз қалдырмауға тырысты. Және де алдағы уақытта өтініштер қоғамдық қабылдау бөлмесінде қарастырылатын болады.

Ақсу қалалық сайлауалды штабы 

Ақсу қаласы "Nur Otan" партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу