Есірткімен ұсталған Арысқа келген құрылысшы сотталды

17269

Ол Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан қираған ғимараттарды жөндеуге Жамбыл облысынан келген.

Есірткімен ұсталған Арысқа келген құрылысшы сотталды

Арыс аудандық сотында есірткі затын иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін Жамбыл облысының тұрғыны сот алдында жауапқа тартылды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 22- бөлігі бойынша айып тағылған. Арысқа 30 маусым күні келген С.Г. өзімен бірге Жамбыл облысы И.Байзақов ауданы Сарыкемер ауданы Талас өзенінің бойында өсіп тұрған екі түп есірткі затын кесіп алып келген. Оны кептіріп, ақ параққа орап, өзімен бірге тасымалдап, өзі пайдаланған. Есірткіге әуес жігіт 12 шілде күні түнгі сағат 01:30 шамасында "Арыс шипажайының" ауласындағы дәретханада өзімен есірткі затын шеккен. Дәретханадан шыққан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

"Сотталушы С.Г-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті өзінің мойындау жауабымен, куәлардың жауаптарымен және істегі жинақталған өзге де құжаттармен дәлелденді. Сот үкімімен сотталушы С.Г. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды", – деп хабарлайды Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу