Есірткіні интернет арқылы тарататындар өмір бойына сотталуы мүмкін

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
1751

Ішкі істер министрлігі есірткі таратуға қатысты заңға түзетулер енгізуді жоспарлап отыр.  

Есірткіні интернет арқылы тарататындар өмір бойына сотталуы мүмкін

Қазір ескірткі таратуға қатысты әлемдегі, елдегі жағдай бірнеше жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда түбегейлі өзгерген. Бүгінде "әдеттегі" есірткінің орнын әлдеқайда қауіпті синтетикалық есірткілер басып отыр. Өкінішке қарай, мұндай өнімдердің таралуына жаңа технологиялар өз "септігін" тигізуде. Дәлірек айтсақ, синтетикалық есірткілер әлеуметтік желілер, бақыланбайтын мессенджерлер, анонимді төлем жүйелері арқылы саудалануда. Бұл ретте, жыл сайын есірткі өнімдерін саудалайтын және жарнамалайтын 4,5 мыңнан астам сайт бұғатталатынын атап өткен жөн.

Осы орайда, Ішкі істер министрлігінің бастамасымен заңға түзетулер енгізілді. Нәтижесінде жаңа психоактивті өнімдер аз ғана уақыттың ішінде бақыланатын есірткі өнімдерінің тізіміне қосылатын болды.

Сондай-ақ қазір есірткі өнімдерін интернет-ресурстар арқылы таратуға байланысты заңнамаға өзгерістер енгізу бастамалары пысықталып жатыр. Бұл орайда, есірткі өнімдерін және психотропты заттарды сату, тасымалдау, сақтау, дайындауға қатысты ақпараттарды электронды ақпарат ресурстарына жариялап, жарнамалайтындарға қатысты жауапкершілік қатаңдатылмақ. Атап айтқанда, мұндай қылмысқа барғандардың мүлкі тәркіленіп, 15-20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар есірткіні насихаттау немесе жарналамау жолы арқылы есірткі шегуге үндеген адамдарға қатысты да жауапкершілік күшейтілмек. Бұл үшін балама жазалардан бөлек, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Егер аталған қылмыс электронды ақпараттық ресурстар арқылы жасалатын болса, кәнілі адам 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Аталған түзетулер алдағы күзде Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілмек. Жоспарланған шаралар есірткі сайттарының электрондық мекен-жайлары жазылған граффити-жазуларды қалдыру, есірткі сайттарын әкімшілендіру, сондай-ақ электрондық ресурстар арқылы есірткілерді өткізу секілді әрекеттерге қылмыстық іс деп қарауға мүмкіндік береді.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу