Ескі көлік мінетіндерге "тосын сый" дайындалып жатыр

8962

Саяси қадам елдегі автопарктің тозуын жылдамдатып жіберуі мүмкін.  

Ескі көлік мінетіндерге "тосын сый" дайындалып жатыр Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның жаңартылған Салық кодексі шеңберінде 10 жылдан асқан көліктер үшін көлік салығын төмендету туралы шешім қабылданды. Бұл салық пен айыппұл жүктемесінің артқан шақта тосын қадамның бірі болды. Бұл шешімге байланысты қоғамда әртүрлі пікір қалыптасты. Көлік иелері тарапынан қолдау білдірсе, экономистер мен экологтар алаңдап отыр.

Салық жөніндегі кеңесші Айдар Масатбаевтың сөзінше, мұны сайлаушылардың үлкен тобына бағытталған саяси қадам ретінде қарастырған жөн.

"Адамдар ескі көліктерге төленетін салықты тым жоғары деп айтты. Салық саясаты жұмсақ жүргізілгенін жақтағандардың пікірі басым түскен болуы керек", – деді сарапшы inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында.

Десек те оның айтуынша, бұл шараның басқа жағы да бар. Салықты төмендету қолданыстағы көліктер нарығына немесе оларды күтіп-ұстау шығындарына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Масатбаев көлік бағасына салықтан гөрі жанармай бағасының қымбаттауы мен халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі айтарлықтай әсер етеді деп отыр.

"Мәселе ескі көлікті қалай күтіп-ұстауда екеніне байланысты емес. Негізгі мәселе – көбінің жаңа көлікті сатып алуға мүмкіндігінің жоқтығы", – деді ол.

Бұдан басқа Қазақстандағы пайдаланылған көліктер нарығында бейресми жасалатын келісімдер үлесі жоғары. Өз кезегінде бұл салық өзгерістерінің тиімділігін және оынң көлік тізгіндеудің нақты құнына әсерін төмендетеді.

                                                         Жауабы жоқ сұрақтар

Сарапшылар елдегі ескі көліктердің техникалық жағдайына қатты алаңдап отыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда тіркелген автокөліктердің 80%-дан астамы 10 жылдан бері қолданыста болса, ал 2,5 миллионнан астам көліктің жасы 20 жылдан асқан. Бұл көліктің "жасы" ғана емес, бұл ықтимал қауіп-қатер болып саналады.

"Ескі көліктер жолдағы қауіптің себебіне айнала бастады. Олардың қосалқы бөлшектері қымбат тұрады, ал жөндеу жұмыстарына үнемдеуге тырысу жолдағы тәуекелдерді арттыра түседі", – деді Масатбаев.

Оның айтуынша, салықты төмендету осындай көліктердің әрі қарай пайдаланылуына жалған ынталандырып жіберуі мүмкін. Бірақ бұл көліктер техникалық тұрғыдан да, экологиялық жағынан да тиімсіз.

Сарапшы ескі көліктерге салықты көтеру де дұрыс шешім емес екенін жеткізді. Бұл қоғамның наразылығын күшейтіп, онсыз да жағдайы мәз емес салық жүйесіне қосымша жүктеме болуы мүмкін. Қазір мемлекет жеке тұлғалардан берешек өндіріп алуда түрлі қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр.

Масатбаев балама шешім ретінде берешекті сот орындаушыларынсыз автоматты түрде өндіріп алу тетігін қарастыруды ұсынады. Десек те, бұл шара салық органдарына деген сенімді одан әрі әлсіретуі мүмкін деп топшылайды.

Баға мен коммуналдық тарифтердің өсуі, халықтың нақты табысының төмендеуі жағдайында ескі көліктерге салынатын салықты азайту әлеуметтік қысымды уақытша азайтуы мүмкін. Бірақ та, ұзақ мерзімді перспективада бұл шара автопарктің тозуы, экологиялық сын-қатерлер мен жол қауіпсіздігінің қаупі секілді негізгі мәселелерді шеше алмайды.

Сарапшылар автопаркті жаңарту және жаңа көлік сатып алуға ынталандыру жөніндегі кешенді саясат болмаса, мұндай қадамдар өрттің шығу себебін шешпей, тек өрттің тұтануын басуға тырысқан әрекетке ұқсайды деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу