Ескі жау атыспаққа жақсы

1510

Ұлттар лигасының жаңа маусымында алғашқы қарсыласымыз Әзербайжан құрамасы болмақ. Бауырлас елдің басты командасы бізге үйреншікті қарсылас. Себебі қарт Каспийдің ар жағындағы елдің командасымен бірнеше мәрте кездесіп үлгергенбіз.

Ескі жау атыспаққа жақсы

Ең алғаш Әзербайжан құрамасымен 2004 жылдың көктемінде кездестік. Алматының "Орталық" стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды. УЕФА-ға өткенімізбен әлі ресми кездесу өткізбеген шағымыз. Тәжірибиесі толыспаған, еуропа футболының дәмін сезбеген кезіміз. Алғашқы таймда қарсылас команда есеп ашып, алға шықты. Ал екінші таймда Андрей Карпович таразы басын теңестірді. Бірақ Әзербайжан құрамасы тағы бір гол салып қазақ футболшыларының ұнжырғасын түсіріп жіберді. Матчтың 80-минутында Евгений Лунев тамаша гол салды. "Шахтер" шабуылшысы сол жылы біріншіліктің үздік сұрмергені болып, керемет бабында жүрген. Алайда ойын аяқталуға 5 минут қалғанда бразилиялық Карлос Альберто баптайтын Әзербайжан құрамасы тағы бір гол салып, жеңісті жұлып әкетті. 

№64. ҚАЗАҚСТАН – ӘЗЕРБАЙЖАН - 2:3 (0:1). Жолдастық матч
Голдар: Набиев, 33 (0:1), Карпович, 56 (1:1), Гулиев, 60 (1:2), Лунев, 80 (2:2), Садыков, 85 (2:3)
ҚАЗАҚСТАН: Новиков, Смақов, Ирисметов, Мусин, Лотов (Лунев, 62), Балтиев, Карпович, Жұмасқалиев (Низовцев, 46), Аксенов, Гаркуша (Авдеев, 63), Тлехугов. Бас бапкер - Л.Пахомов
ӘЗЕРБАЙЖАН: Крамаренко, Шукуров, Амирбаев, Абасов, Садыков, Хусейнов (Пономарев, 46), Керимов (Султанов, 87), Э.Гулиев, Набиев (И.Гурбанов, 79), М.Гурбанов (Абдуллаев, 90+2), Рамазанов (Мусаев, 72). Бас бапкер - К.А.Торрес
Ескертулер: Карпович, 41 - Керимов, 7, Амирбаев, 55, Абасов, 69, Крамаренко, 87
Қызыл қағаз: Абасов, 81
28.04.2004. Алматы, Орталық стадион. 300. Төреші: Кадыр Чыныбеков (Қырғызстан)

Одан кейін Қазақстан мен Әзербайжан 2007 жылы кездесті. Шымкент қаласында өткен "Алма-Тв" кубогі жарысында екі команда бір-біріне қарсылас атанды. Ауыр өткен ойында гол салу қиынға соқты. Шынын айтқанда жасыл алаңның сапасы сын көтермейтін. Күн райы да керемет болды дей алмайсыз. Себебі наурыз айының басында күн соншалықты жылы бола қоймайтын. Бұл матчта Андрей Финонченконың салған жалғыз голы Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады. Тек бұл ойын ФИФА ресми датасы аясында өтпегендіктен, матчтың қорытындысы әлемдік рейтингке кіргізілмеді.

№94. ҚАЗАҚСТАН – ӘЗЕРБАЙЖАН - 1:0 (0:0). "Алма-ТВ" халықаралық турнирі.
Голдар: Финонченко, 80 (1:0)
ҚАЗАҚСТАН: Лория, Е.Азовский, Кучма, Жалмағамбетов, Ирисметов, Скорых, Балтиев, Сергиенко (Смақов, 62), Жұмасқалиев (Камелов, 83), Әшірбеков (Отабаев, 71), Сүймағамбетов (Финонченко, 79). Бас бапкер – А.Пайперс
ӘЗЕРБАЙЖАН: Велиев, Перейра, Ладага (Бахшиев, 71), Р.Гулиев (Амаргулиев, 88), А.Керимов, Аббасов, Султанов (Джавадов, 75), Гомеш, Имамалиев (Гашимов, 72), К.Керимов (Субашич, 70), Чертоганов. Бас бапкер – Шахин Диниев
Ескертулер: Балтиев, 35, Әшірбеков, 64, Кучма, 86 - Аббасов, 29, К.Керимов, 34, Чертоганов, 53, Бахшиев, 84
9.03.2007. Шымкент, Қажымұқан атындағы стадион. 4 500. Төрешілер: Машенцев, Канцуров, Джанибеков (барлығы - Қырғызстан)

2007 жылы наурыз айынан кейін Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары тағы да кездесті. Бұл жолғы матч ресми кездесу еді. 2008 жылы Швейцария мен Аустрия жерінде өтетін Еуропа біріншілігінің іріктеу сайысы болатын. Қазақстан да, Әзербайжан да топтағы аутсайдерлер қатарында еді. Алматыда өткен бұл ойында екі команда шынымен де терезесі тең қарсыластар екенін дәлелдеді. Надыровтың салған голынан соң, стадионға келген жанкүйерлердің салысы суға кетті. Бірақ, Балтиев Руслан білгенінен жаңылмады. 53-минутта Руслан бағыттаған соққы қақпадан дәл табылды. Қазақстан құрамасы бас бапкер Арно Пайперстің қол астында енді-енді өз ойынын тауып келе жатқан. Десе де, өз алаңымызда Әзербайжанмен тең түсу сол кезде нашар көрсеткіш ретінде тіркелді.

№98. ҚАЗАҚСТАН — ӘЗЕРБАЙЖАН - 1:1 (0:1). Іріктеу жарысы. ЕЧ-2008
Голдар: Надыров, 30 (0:1), Балтиев, 53 (1:1)
ҚАЗАҚСТАН: Лория, Ирисметов, Кучма, Жалмағамбетов, Смақов, Жұмасқалиев (Отабаев, 90+3), Чичулин, Карпович, Балтиев, Остапенко (Тілешев, 79), Бяков. Бас бапкер – А.Пайперс
ӘЗЕРБАЙЖАН: Гасанзаде, Р.Гулиев, С.Аббасов, А.Керимов (Имамалиев, 58), Гашимов, Э.Гулиев, Султанов (А.Гурбанов, 74), Чертоганов, Р.Аббасов, Надыров (Х.Мамедов, 84), Субашич. Бас бапкер – Шахин Диниев
Ескертулер: Э.Гулиев, 70 (А)
Қызыл қағаз: Жалмағамбетов, 44 (К)
6.06.2007. Алматы, "Орталық". 11 800. Төрешілер: Әлбер Туссэн, Франсуа Манжан и Кристиан Холтген (барлығы - Люксембург)

Бауырлас елдердің құрамалары 2008 жылы тағы да кездесті. Ресми ойындардан кейін кезек жолдастық матчқа келді. Түркияның Анталья қаласында өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:0 тең ойнады. Қақпашы Александр Мокин матч барысында пенальти тосып алып, Әзербайжан шабуылшыларының құтын қашырды. Одан бөлек те бірнеше сейв жасаған Мокин матчтың қаһарманы атанды. Ал жалпы алғанда бас бапкер Арно Пайперс бұл ойында құрамаға жаңадан алынған жігіттерді сынап көріп, тактикалық өзгерістер жасады.

№106. ӘЗЕРБАЙЖАН — ҚАЗАҚСТАН - 0:0. Жолдастық матч

62-мин. Рамазанов (А) пенальти соға алмады (қақпашы)
ӘЗЕРБАЙЖАН: Велиев, Меликов, Юнусоглу (Амирбеков, 46), Э.Гулиев, М.Гурбанов, Ас.Керимов (к) (Чертоганов, 26), Р.Гулиев (И.Гурбанов, 85), Аббасов, Рамазанов, Субашич, Х.Мамедов (Пономарев, 74). Бас бапкер - Гьокица Хаджиевски
ҚАЗАҚСТАН: Мокин, Смақов, Кучма, Жалмағамбетов, Е.Азовский, Балтиев, Асанбаев (Ларин, 82), Родионов (Травин, 68), Жұмасқалиев (к), Остапенко (Сүймағамбетов, 85), Бяков (Әшірбеков, 74). Бас бапкер – А.Пайперс
3.02.2008. Анталия (Түркия), "WOW Sport Centre". 1 500. Төреші: Камиль Аби-оглы (Түркия)

Түркі дүниесіне жататын Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің жанкүйерлері 2011 жылы тағы бір матч тамашалады. Украина мен Польша елдерінде бірге өткен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне іріктеу сайысы болатын. Бір топқа түскен Қазақстан мен Әзербайжан тартысты матч өткізді. Ойын бұл жолы әдеттегідей Алматы қаласының "Орталық" стадионында емес, "Астана Аренада" ойналды. Құрамамыздың бас бапкері ол кезде Мирослав Беранек болатын. Чехиялық маман сол тұста құрамаға алып денелі Сергей Гридин деген шабуылшыны алды. Сергей бас машықтырушының сеніміне селкеу түсірмей, дубль авторы атанды. Бұл матчта ғаламат пастар берген Ринат Хайруллиннің де еңбегін айта кетуіміз керек. Осы ойында "жұлдыз" болған Гридин осыдан кейін жарқырап көзге түсе алмады. Десе де, Әзербайжан құрамасынан 3 ұпай тартып алуымызға себепкер болып кетті.

№130. ҚАЗАҚСТАН — ӘЗЕРБАЙЖАН - 2:1 (0:0). Іріктеу жарысы. ЧЕ-2012
Голдар: Гридин, 57 (1:0), Надиров, 63 (1:1), Гридин, 68 (2:1)
ҚАЗАҚСТАН: Нестеренко, Логвиненко (Рожков, 65), Мұхтаров, Нұрдәулетов (к), Гетериев, Смақов, Шмидтгаль, Хайруллин (Киров, 82), Қонысбаев, Гридин, Остапенко (Хижниченко, 79). Бас бапкер – М.Беранек
ӘЗЕРБАЙЖАН: Агаев, Меликов, Р.А.Садыгов, Джавадов, Алиев (М.Гусейнов, 79), Р.Ф.Садыгов (к), Абышов, Д.Гусейнов (Надиров, 61), Медведев, Левин, Исмаилов. Бас бапкер – Берти Фогтс
Ескертулер: Шмидтгаль, 77 (К)
3.06.2011. Астана, "Астана-Арена". 14 900. Төреші: Юэн Норрис (Шотландия)

Осы іріктеу ойындарының аясындағы екінші кездесу Баку қаласында өтті. Тофик Бахрамов атындағы стадиондағы жанкүйерлер өте әдемі матчтың куәгері болды. Себебі, ойында 5 гол салынды. Сергей Остапенко құрамамызды алға шығарды. Алайда, алаң иелері арты-артынан 3 доп салды. 53 пен 68 минуттар аралығы Мокин қорғаған қақпаға ауыр тиді. Ал матч соңында "Тараз" ойыншысы Виталий Евстигнеев алыс соққымен гол салды. Бұл Виталийдің Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы және соңғы голы болды.

№133. ӘЗЕРБАЙЖАН — ҚАЗАҚСТАН - 3:2 (0:1). Іріктеу жарысы. ЧЕ-2012
Голдар: Остапенко, 20 (0:1), Алиев, 53 (1:1), Шукюров, 62, пенальтиден (2:1), Джавадов, 68 (3:1), В.Евстигнеев, 77 (3:2)
ӘЗЕРБАЙЖАН: Агаев, Набиев (Юнисоглу, 13), Р.Ф.Садыгов (к), Шукюров, В.Гусейнов, Исмаилов (Абышов, 87), Амиргулиев, Чертоганов (Субашич, 46), Будак, Джавадов, Алиев. Бас бапкер - Берти Фогтс
ҚАЗАҚСТАН: Мокин, Киров, Логвиненко, Рожков (В.Евстигнеев, 77), Гурман, Нұрдәулетов (к), Шаяхметов (Мұжықов, 70), Қонысбаев, Көкеев (Хайруллин, 59), Гридин, Остапенко. Бас бапкер - М.Беранек
Ескертулер: Шукюров, 88 - Логвиненко, 50, Гурман, 78
6.09.2011. Баку, Т.Бахрамов ат.ст. 12 000. Төреші: Андерс Хермансен (Дания)

Қазақстан құрамасын Талғат Байсуфинов баптаған тұста ұлттық құрама жолдастық матч өткізді. Антальядағы кездесуде Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан тағы да басым түсті. Бұл жолы гол авторы – Мақсат Байжанов. Қысқа бойлы орталық жартылай қорғаушы бір қызығы голды осы матчта баспен салды. Қазақстан құрамасы осы жеңістен кейін өз күшіне сенімділік алды. Ал Әзербайжан құрамасының бас бапкері сол уақытта танымал футболшы Роберт Просинечки болатын. Ол Хорватия құрамасымен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.

№169. ӘЗЕРБАЙЖАН — ҚАЗАҚСТАН - 0:1 (0:1). Жолдастық матч
Голдар: М.Байжанов, 8 (0:1)
ӘЗЕРБАЙЖАН: Агаев, Медведев (Мирзабеков, 46), Гусейнов (к), Садыхов (Гулиев, 46), Дашдамиров, Гараев (Абышов, 73), Назаров, Абдуллаев (Мамедов, 69), Исмайлов (Алескеров, 61), Рамазанов (Тагиев, 46), Гурбанов. Бас бапкер - Роберт Просинечки (Хорватия)
ҚАЗАҚСТАН: С.Покатилов, Шомко, Логвиненко, Малый, Е.Ахметов, С.Мұжықов (Сүйімбаев, 76), Смақов (к) (Тағыберген, 88), М.Байжанов (Қуат, 59), Қонысбаев (Досмағамбетов, 67), Исламхан (А.Нұрғалиев, 64), Хижниченко (А.Щёткин, 71). Бас бапкер - Т.Байсуфинов
Ескерту: Қуат, 86 (К)
26.03.2016. Анталья, Gloria Sports Arena. Төреші: Али Палабийик (Түркия)

Қазақстан құрамасы Еуропа футболында рейтингісі сәл де болса көтеріліп, Әзербайжанмен бір себетте бола бастады. Соның салдарынан Қазақстан мен Әзербайжан бір-біріне қарсылас атану мүмкіндігі азайды. Демек, соның арқасында екі елдің құрамаларына жолдастық ойындар өткізуге тағы бір себеп пайда болды. "Астана Аренада" өткен жолдастық матчта Қазақстан құрамасы Әзербайжанды аямай жеңді. Бұл кезде Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Станимир Стойлов тағайындалған тұғын. Болгариялық маман келе салысымен ұлттық құрама ойыншыларының мотивациясы арта түсті. Қазақстан мен халықаралық футболда жетістікке жетіп жүрген тұлғаның қол астында доп тебу қазақ футболшылары үшін зор мәртебе болды. Соның арқасы шығар, Роман Мұртазаев пен Серікжан Мұжықов тамаша ойын өткізді. Олар бір-бірден гол салды. Ал үшінші голды да "Астана" клубының футболшысы Бақтиер Зайнутдинов тоғытты. Ғаламат жеңіс!

№186. ҚАЗАҚСТАН — ӘЗЕРБАЙЖАН - 3:0 (2:0). Жолдастық матч
Годар: Мұртазаев, 12 (1:0), С.Мұжықов, 14 (2:0), Бак.Зайнутдинов, 90 (3:0)
ҚАЗАҚСТАН: Эрич, Малый, Постников, Қуат (Логвиненко, 68), С.Мұжықов (Бак.Зайнутдинов, 64), Исламхан (Вороговский, 89), Тұңғышбаев (Жуков, 53), А.Щёткин (Тұрысбек, 82), Мұртазаев, Шомко (к) (Сүйімбаев, 52), Бейсебеков. Бас бапкер - С.Стоилов (Болгария)
ӘЗЕРБАЙЖАН: К.Агаев (к), Гараев, Медведев, Абдуллаев (Алескеров, 63), Р.Гурбанов (Шейдаев, 72), Назаров (Диниев, 46), Абышов (Мамедов, 73), Д.Гусейнов (Имамвердиев, 63), Халилзаде, Мадатов, И.Гурбанов (Аббасов, 46). Бас бапкер - Г.Гурбанов
Ескертулер: Тұңғышбаев, 48, Жуков, 90+2 – Халилзаде, 35
5.06.2018. Астана, "Астана Арена". 22 500. Төреші: Александр Тян (Молдова)

Жалпы алғанда Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары өзара 8 рет кездесіпті. Соның 4-еуінде Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен. Ал екі ойын тең аяқталған. Әзербайжан құрамасы болса 2 матчта жеңімпаз атаныпты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу