Эсмигуль Куюлова: "Өз елімнің Туын көтерейін деп атажұртқа оралып едім"

2970

Спортшы Өзбекстаннан елге оралғандағы басты мақсатын айтты. 

Эсмигуль Куюлова: "Өз елімнің Туын көтерейін деп атажұртқа оралып едім" Фото: Сали Сабыров

Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан әйелдер арасында сынға түскен Эсмигуль Куюлова жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап. 

"Бұл менің бірінші Олимпиадам болғаннан кейін Парижге жоғары көңіл-күймен келіп едім. Бұл қарсыласымды ұтамын деп ойлағанмын. Басында ұпай жіберіп алдым. Ары қарай ұтуға уақыт таршылық етті.

Дзюдоның әліппесін Өзбекстанда үйрендім. Әбиба Әбужақынова екеуміз де Өзбекстанда тудық. Ол елге менен бұрын кетті. Кейін маған „сен де келіп алсайшы, Қазақстан өз еліміз ғой" деді. Араға бірер жыл салып Әбибадан кейін мен де елге оралдым. Атажұртқа келудегі басты мақсатым — өзбектің туын емес, қазақтың туын көтеру. Өзбекстанда жүре бергенде Олимпиаданы көрер ме едім, көрмес пе едім, білмеймін. Бірақ, қазақ елінің, ата қонысымының атынан келген алғашқы Олимпиада ойынымда, алғашқы белдесуімде ұтылып қалғаным өкінішті болды. Енді алда, 3 тамыз күні командалық сайыста татамиге қайта шығамын",  - деді спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу