"Етке өткізбек болған": Вьетнам полициясы 500-ден астам мысықты аман алып қалды

158

Қаскөйлер түнгі уақытта әрекет еткен.  

"Етке өткізбек болған": Вьетнам полициясы 500-ден астам мысықты аман алып қалды Фото: BILD_Russian

Вьетнамда 500-ден астам мысық құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Хошимин қаласының полициясы бірнеше өңірде әрекет еткен қылмыстық топтың жолын кесті. Тергеу дерегінше, қаскөйлер үш жыл бойы жұмыс істеген. Іс бойынша тоғыз күдікті ұсталды. Қылмыскерлер түнгі уақытта мегаполисте және оған жақын провинцияларда мысықтарды аулаумен айналысқан, сонымен қатар марғауларды тұрғын үйлердің ауласынан ұрлаған. Кейін үй жануарларын арнайы орындарға жеткізіп, саудагерлерге, мейрамханаларға және қасапханаларға сатқан.

Вьетнамда мысық пен ит еті деликатес болып саналады. Олардың етінен жасалған тағамдар көптеген мейрамханада ұсынылады. Дегенмен жануарларды жеткізушілер олардың заңды жолмен алынғанын растауы тиіс. Яғни, тиісті құжаттар болуы қажет.

Десек те, елде көлеңкелі нарық әлі кең таралған. Полиция тексеру барысында автотұрақтан 45 тор тапқан, олардың ішінде шамамен 400 ұрланған мысық болған. Сондай-ақ жақын маңнан табылған төрт пенопласт қораптың ішінде шамамен 80 мұздатылған жануар анықталған. Кейінгі операциялар кезінде тағы 100-ден астам үй мысығы тәркіленді.

Тергеу мәліметінше, қылмыскерлер түнде әрекет еткен. Олар мысық иелері ұйқыда жатқан сәтті пайдаланып, тұзақтар, жем және арнайы құралдарды пайдаланып, жануарларды ұстап отырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу