ЕУРО-2024: Англия құрамасы финалға шықты

667

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына шыққан екінші команда белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ЕУРО-2024: Англия құрамасы финалға шықты Фото: Спорт Экспресс

Еуропа чемпионатының жартылай финал аясында Англия мен Нидерланды құрамасы жолығып, финалдың жолдамасын сарапқа салды. Ойынның 7-минутында Нидерланды құрамасы жылдам гол соғып, есепте алға шықты. Хави Симонс нидерландықтарды алға шығарғанымен 18-минутта Харри Кейн пеанльтиден есепті теңестірді. Екінші таймның соңына қарай, 90+1-минутта Олли Уоткинс жеңіс голын соғып, Англия құрамасының екінші рет финалға шығуына көмектесті. Олар осыдан төрт жыл бұрын Еуропа чемпионатының финалында Италиядан ұтылып қалған еді.

Айта кетейік, Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Францияны ұтқан Испания құрамасына қарсы ойнайды. Финалдық матч 14 шілде күні өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу