EURO 2024: Бүгін қай командалар бақ сынайды?

403

Ойын Кёльн қаласындағы "Райн-Энерги" стадионында өтеді.  

EURO 2024: Бүгін қай командалар бақ сынайды? Фото: Jürgen Fromme - firo sportphoto/Getty Images

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алытыншы ойын күні, 19 маусымда үш ойын өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең алдымен 18:00–де В тобында Хорватия мен Албания ойнайды. 

Кездесу Гамбург қаласындағы "Фолькспаркштадион" стадионында болады. 

Алғашқы турда Испания Хорватияны 3:1, Италия Албанияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Аталған топта Испания мен Италия үш ұпаймен көш басында тұрса, Албания мен Хорватияның еншісінде бір де бір ұпай жоқ.

Бұл топтағы Испания мен Италия кездесуі ертең, 20 маусымда өткізіледі.

Одан кейін А тобында Германия мен Венгрия ойыны 20:00–де болады.

Кездесу Штутгарт қаласындағы "Мерседес-Бенц-Арена" стадионында болады. 

Аталған топтағы Шотландия мен Швейцария кездесуі 00.00-ге белгіленген.

Ойын Кёльн қаласындағы "Райн-Энерги" стадионында өтеді. 

Алғашқы турда Германия Шотландияны 5:1, Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен тізе бүктірді. 

Көш басында үш ұпаймен Германия мен Швейцария келеді. Ал Венгрия мен Шотландия әзірге ұпай еншілеген жоқ.

Ойындардың барлығы "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу