"EURO-2024": Бүгін қандай командалар бақ сынайды?

457

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін 1/8 финал ойындары басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"EURO-2024": Бүгін қандай командалар бақ сынайды? Фото: instagram.com/euro2024

Бұл күні сағат 21.00-де Швейцария мен Италия шеберлік байқасады.

Кездесу Берлин қаласындағы "Олимпиаштадион" стадионында өтеді.

А тобында сынға түскен Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен жеңсе, Шотландия және Германиямен 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал Италия В тобында Албанияны 2:1 есебімен жеңіп, Испанияға 0:1 есебімен есе жіберсе, Хорватиямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қазірге дейін құрамалар 61 мәрте кездессе, 8-де Швейцария, 29-да Италия жеңіп, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Ал 00.00-де Германия мен Дания кездесуі басталады.

Ойын Дортмунд қаласындағы "Сигнал Идуна Парк" стадионында өткізіледі.

А тобында ойнаған Германия Шотландия 5:1, Венгрия 2:0 есебімен жеңсе, Швейцариямен 1:1 есебімен тең ойнады.

С тобында ойнаған Дания құрамасы Словения және Англиямен 1:1, Сербиямен 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Қос қарсылас өзара 20 мәрте кездессе, 9-да Германия, 7-де Дания басым түсіп, қалғанында жеңімпаз анықталған жоқ.

Айта кетейік, ойындар "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу