Еуро-2024 додасына іріктеу туралы не білеміз?

2392

Бүгін Франкфуртта (Германия) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші себетке түсті.

Еуро-2024 додасына іріктеу туралы не білеміз?

Жеребеге 53 команда қатысады. Германия Еуро-2024-тің қожайыны болып таңдалды. Осылайша, финалдық кезеңге тікелей жолдама алып, іріктеу кезеңіне қатыспайтын болды. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі он қалада өтеді: Берлин (Олимпиастадион), Дортмунд (BVB-Стадион), Дюссельдорф (Дюссельдорф Арена), Гамбург (Фолькспаркстадион), Гельзенкирхен (Арена Ауф Шальке), Кельн ("Кельн стадионы"), Лейпциг ("Лейпциг стадионы"), Мюнхен ("Мюнхен Арена"), Франкфурт ("Франкфурт Арена") және Штутгарт ("Штутгарт Арена").

53 команда УЕФА Ұлттар Лигасының 2022-2023 маусымындағы жалпы рейтингі бойынша іріктеліп, жеті себетке бөлінді. Жеребе аясында командалар 10 топқа бөлінеді. Жеті топта бес команда, үшеуінде алты командадан болады.

Ақтық турнирге 2023 жылдың маусымында Ұлттар лигасының шешуші кезеңінің қатысушылары (Нидерланды, Хорватия, Испания және Италия) қатысады.

Сәйкесінше, бұл командалар Еуропалық іріктеу кезеңінің сегіз турын ғана өткізе алады және бес ұлттық құрамамен топтарға бөлінеді.

Алдағы еуропалық біліктілік Қазақстан үшін бесінші (бұрын 2008, 2012, 2016, 2020 ж) болмақ. Қазақстан құрамасы алғаш рет төртінші себетке түсіп отыр.

Жеңімпаздар мен 2-орын иегерлері финалға жолдама алады. Соңғы үш жолдама иегерлері плей-офф кезеңінде анықталады. Іріктеу матчтары 2023 жылдың наурызы мен қарашасы аралығында өтеді. Плей-офф 2024 жылдың наурызына жоспарланған.

Еуро-2024 іріктеуінің барлық себеттері:

Ұлттар лигасының себеті: Нидерланды, Хорватия, Испания, Италия

Бірінші себет: Дания, Португалия, Бельгия, Венгрия, Швейцария, Польша

Екінші себет: Франция, Аустрия, Чехия, Англия, Уэльс, Израиль, Босния және Герцеговина, Сербия, Шотландия, Финляндия

Үшінші себет: Украина, Исландия, Норвегия, Словения, Ирландия, Албания, Черногория, Румыния, Швеция, Армения

Төртінші себет: Грузия, Греция, Түркия, Қазақстан, Люксембург, Әзербайжан, Косово, Болгария, Фарер аралдары, Солтүстік Македония

Бесінші себет: Словакия, Северная Ирландия, Кипр, Беларусия, Литва, Гибралтар, Эстония, Латвия, Молдова, Мальта

Алтыншы себет: Андорра, Сан-Марино, Лихтенштейн

Жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен 16:00-де басталады және тікелей эфирде Qazsport телеарнасы мен УЕФА сайттарынан тамашалауға болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу