Еуро-2024: Хорваттар соңғы минутта сан соғып қалды

375

Испания мен Италия плей-офф сатысына жолдама алды. 

Еуро-2024: Хорваттар соңғы минутта сан соғып қалды Фото: Спорт Экспресс

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 24 маусымда В тобында үшінші тур ойындары өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алғашқы екі турда ұпайдан шашау шығармаған Испания бұл жолы жеңісті жолын жалғастыруға тырысты.

Олар плей-офф сатысына берілген жолдама тағдырын бір тур бұрын шешіп қойған еді. Соған қарамастан бүгінгі ойында бірінші минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысты.

Ойынның 13-минутында испаниялық Ферран Торрес өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Испания футболшылары одан кейін де шабуылды көбірек ұйымдастырды. Десе де дегеніне жете алған жоқ.

Кездесуде испаниялық футболшылар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, өз тобында бірінші орын алды.

Бұл күнгі тағы бір кездесуде Италия мен Хорватия құрамалары шеберлік байқасты. Италиялық футболшылар екі турда үш ұпай жинаса, Хорватия небәрі бір ұпайды қанағат тұтты.

Сондықтан кездесудің екі құрама үшін де маңызы зор болды. 

Италия тең нәтижеге жетсе де, плей-офф сатысына шығуға мүмкіндігі бар еді. Ал Хорватия үшін тек жеңіс қажет болатын.

Ойынның 54-минутында хорватиялық Лука Модрич Албания қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кетті.

Есесіне араға бір минут салып ойын барысында Италия қақпасынан саңылау тауып кетті. 

Ойынның 98-минутында италиялық Маттиа Дзакканьи қорытынды есепті белгіледі.
Құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған топтан Испания және Италия құрамалары плей-офф сатысына жолдама алды.

Енді 25 маусымда С және D топтарында үшінші тур ойындары өткізіледі. С тобында Англия мен

Словения, Дания мен Сербия ойнаса, D тобында Нидерланд пен Австрия, Франция мен Польша кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу