ЕУРО-2024: Испания Италияны ұтып плей-офф кезеңіне шықты

383

Англия Даниямен тең түсті. 

ЕУРО-2024: Испания Италияны ұтып плей-офф кезеңіне шықты Фото: UA Football

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында B және С тобындағы құрамалар екінші кезең аясындағы ойындарын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Англия мен Дания құрамасы Франкфурте-на-Майне қаласындағы “Deutsche Bank Park” стадионында Еуропа чемпионаты аясындағы екінші ойындарын өткізді. Алғашқы ойында минималды есеппен жеңіске жеткен ағылшындар бұл жолы Дания құрамасымен тең түсті.

Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн 18-минутта есеп ашқанымен даниялықтар 34-минутта есепті теңестіріп кетті. Ал екінші таймда нәтижелі шабуыл болмай, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, С тобында Англия 4 ұпаймен көш бастаса, Дания құрамасы екінші орында тұр.

В тобының басты фавориттері саналатын Испания құрамасы мен Италия өзара мықтыны анықтады. “Фельтинс-Арена” стадионында өткен матчта Испания құрамасы минималды есеппен жеңіске жетті. 90 минут бойы толассыз шабуыл ұйымдастарған испандықтар Италия құрамасынан бір бас жоғары екенін көрсетті. Ойынның 55-минутында Риккардо Калафьори өз қақпасына гол соғып, Испанияның жеңісімен аяқталды. Осылайша, Испания құрамасы 6 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу