Euro-2024: Италия құрамасы Албанияның осал тұсын тапты

412

Еуропа чемпионатының екінші күнін Италия мен Албания құрамалары аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Euro-2024: Италия құрамасы Албанияның осал тұсын тапты Фото: championat.com

Кездесу албаниялық футболшылардың ең жылдам гол соғуымен ерекшеленді. Ойынның небәрі 23-секундында албаниялық Недим Байрами Италия қақпасынан саңылау тауып кетті. Бұл – Еуропа чемпионатының алпыс жылдан астам тарихындағы ең жылдам соғылған гол. 2004 жылы Ресей футболшысы Дмитрий Кириченко 68-секундта қанжығасын майлаған еді.

Италиялық құрама тезірек таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 11-минутында Алессандро Бастони мергендік танытса, 16-минутта Николо Барелла өз құрамасын алға шығарды. Кездесуде Италия қарсыласынан 2:1 есебімен жеңді.

Айта кету керек, Италия құрамасы 2020 жылы құрлықтық додада топ жарған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу