EURO-2024: Швейцария мен Германия тең түсті

435

Ал Шотландия құрамасы ойыннан тыс қалды. 

EURO-2024: Швейцария мен Германия тең түсті Фото: sportbox

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының оныншы ойын күні, 23 маусымда А тобында үшінші тур ойындары өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы турда Германия мен Швейцария құрамалары 1:1 есебімен тең ойнады. 28-минутта Дэн Ндойе есеп ашып, швейцариялықтарды алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Никлас Фулкругесепті теңестірді. Осылайша немістер 7 ұпаймен өз тобында бірінші орын алды. Екінші жолдаманы 5 ұпай иеленген Швейцария құрамасы жеңіп алды. 3 ұпай жинаған Венгрияның да аздаған мүмкіндігі бар. 

Венгрия Шотландияға қарсы өткен маңызды кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын ойын аяқталар тұста Кевин Ксоботч соқты. Осылайша мажарлық футболшылар алғашқы 3 ұпайын алса, Шотландия жарыспен қош айтысты.

Бүгін түнде "В" тобындағы құрамалардың ойыны өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу