EURO - 2024: Швейцария мен Шотландия тең түсті

417

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алтыншы ойын күнін А тобында Шотландия мен Швейцария құрамалары түйіндеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

EURO - 2024: Швейцария мен Шотландия тең түсті Фото: Спорт Экспресс

Алғашқы турда Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен тізе бүктірсе, Шотландия Германиядан 1:5 есебімен ойсырай жеңілді.

Бүгінгі ойында Швейцария жеңіске жеткен жағдайда плей-офф сатысына жолдамаға қол созатын еді.

Кездесу барысында шотландиялық Скотт Мактоминей 13-минутта өз құрамасын алға шығарды. Оған швейцариялық Шердан Шакири 26-минутта бір голмен жауап қайырды. Ол осындай ірі турнирлердің оныншы голының авторы атанды. Бұл көрсеткішімен Роберто Баджо (9), Робин ван Перси (9), Фернандо Торрес (9), Карим Бензема (7), Златан Ибрагимович (6), Рауль (6) секілді тәжірибелі футболшыларды артқа қалдырып кетті. Ол үш әлем чемпионаты мен үш Еуропа чемпионатында гол соққан футболшының бірі болды.

Ойынның 33-минутында швейцариялық Дану Ндоя гол соққан еді. Футболшының ойыннан тыс қалуына байланысты оны словакиялық бас төреші Иван Кружляк есепке алған жоқ.

Құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу