ЕУРО-2024: Түркия Чехия құрамасын ұтса, Португалия Грузиядан жеңілді

372

Плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды. 

ЕУРО-2024: Түркия Чехия құрамасын ұтса, Португалия Грузиядан жеңілді Фото: reuters

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында F тобында өнер көрсететін құрамалар үшінші кезеңдегі матчтарын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

F тобындағы құрамалар Еуропа чемпионатының үшінші кезең аясындағы ойындарын өткізіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды. "Имтех Арена" арена стадионында Түркия құрамасы мен Чехия кездесіп, түріктер 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы таймда есеп ашылмағанымен екінші таймда үш бірдей гол соғылды. Есепті Түркия құрамасының ойыншысы Хакан Чалханоглу 51-минутта ашса, араға 15 минут салып Томас Соучек есепті теңестірді. Дегенмен негізгі таймға қосылған қосымша уақытта түріктер гол соғып, жеңісті жұлып алды. 

Ал екі ойында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шығып қойған Португалия құрамасы Грузиядан жеңіліп қалды. Ойынның 2-минутында Хвича Кварацхелия грузиндерді есепте алға шығарса, 57-минутта Жорж Микаутадзе пенальтиден гол соғып, басымдылығын арттырды. Осылайша Грузия құрамасы плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігіне ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу