ЕУРО-2024: Түркия мен Нидерланды ширек финалға шықты

770

Енді қос құрама бір-біріне қарсы ойнайды. 

ЕУРО-2024: Түркия мен Нидерланды ширек финалға шықты Фото: Спорт Экспресс

Түркия мен Нидерланды құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде Түркия мен Нидерланды құрамасы жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Түріктер Аустрия құрамасын 2:1 есебімен ұтса, Нидерланды құрамасы Румынияның қақпасына жауапсыз 3 гол соқты."Ред Булл Арена" стадионында Түркия құрамасы мен Аустрия арасында өткен матчта Мерих Демирал дубль авторы атанса, Нидерланды сапында Дониелл Мален де қарсыластар қақпасына екі гол соқты. Енді Түркия мен Нидерланды құрамасы ширек финалда бір-біріне қарсы ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін Франция құрамасы мен Португалия командасының ширек финалға жолдама алғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу