Ол бұл бастаманың адам құқықтарын сақтау міндеттемелеріне кері қадам екенін жеткізіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Еуропалық Одақ Израиль парламенті – Кнессетте палестиналық тұтқындарға бағытталған "өлім жазасы" туралы дау туғызған заңның қабылдануына қатты алаңдаушылық білдірді.
"Заң қабылданғаннан кейін ЕО Израильмен серіктестік келісімін уақытша тоқтата ма?" деген сұрақ та күн тәртібіне шықты.
– Заң қабылданғаннан кейін Израильде түрлі пікірлер айтылды, сондай-ақ Жоғарғы сотқа апелляция берілді, – деді ЕО ресми өкілі.
Ануар Аль-Анунидің сөзінше, Брюссель қандай жағдайда болса да өлім жазасына қарсы.
Өйткені, бұл өмір сүру құқығын бұзады және одақтың негізгі құндылықтарына қайшы келеді.
Еуроодақ өкілі Израильді бұрын "өлім жазасына қатысты аймақтағы үлгілі ел" деп атаған.
Сондай-ақ, "заңның қабылдануы Израиль бұрын ұстанған маңызды тәжірибесінен айтарлықтай кері қадам" деді.
Ол Израильді өз бұрынғы принциптік ұстанымына және халықаралық құқық пен демократиялық қағидаттарға адал болуға шақырып отыр. Сонымен қатар, ЕО өкілдері Израильдегі әріптестерімен байланыста екенін де жасырмады.