Еуропалық Одақ Сирияға салынған экономикалық санкцияларын толығымен алып тастау жөнінде шешім қабылдады.
Бұл туралы ЕО дипломатиясының басшысы Кая Каллас мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости"-ге сілтеме жасап.
"Біз Сириядан экономикалық санкцияларымызды алып тастау жөнінде шешім қабылдадық. Біз сириялықтарға жаңа әрі бейбіт Сирияны қалпына келтіру үшін көмектескіміз келеді", - деп жазды Кая Каллас X желісінде.
Өткен жылдың қараша айының соңында сириялық оппозиция елдің әскеріне жаппай шабуыл жасаған болатын. Салдарынан Сирия президенті Башар Асад елден кетуге мәжбүр болды. Ахмед аш-Шараа өтпелі кезеңдегі Сирияның басшысы болып белгіленді.
Айта кету керек, осыған дейін Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастағанын жазғанбыз.