Еуропа бұғатталған ресейлік активтерге қатысты АҚШ ұсынысын қабылдамады

89

Батыс елдері бұл мәселе бойынша шешімді өзіміз қабылдаймыз деп отыр.

Еуропа бұғатталған ресейлік активтерге қатысты АҚШ ұсынысын қабылдамады Фото: Francois Lenoir/Reuters

Бұғатталған ресейлік активтер Еуропаның бақылауында қалуы тиіс. Бұл туралы Германияның федералдық канцлері Фридрих Мерц мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD агенттігіне сілтеме жасап

Мерц АҚШ-тың Еуропада бұғатталған ресейлік қаражатты аудару жөніндегі жоспарын қабылдамады.

"Бұл – Еуропада бұғатталған активтер және олар Еуропада бұғатталған күйінде қалуы тиіс. Бұл – біздің жұмыс, тиісті мәселе бойынша шешімді де өзіміз қабылдаймыз", – деп мәлімдеді Германия канцлері.

Бұған дейін дереккөздерге сілтеме жасаған Financial Times газеті АҚШ-тың Батыс елдеріне ресейлік активтердің бір бөлігін бұғаттаудан шығарып, оларды Вашингтон бақылайтын қаржы құрылымына аударуды ұсынғанын жазған. Ақ үй мұндай қадам Мәскеумен бейбіт келіссөздерді қайта жандандыруға көмектеседі деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу