Еуропа чемпионаты: 16 маусымда қай құрамалар ойнайды

420

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының үшінші ойын күні, 16 маусымда үш ойын өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еуропа чемпионаты: 16 маусымда қай құрамалар ойнайды Фото: Global Images Ukraine

Ең бірінші 18:00-де D тобында Польша мен Нидерланд ойнайды.

Екі құрама қазірге дейін 19 мәрте кездескен. Оның 3-і польшалық құраманың басымдығымен аяқталса, 7-і тең аяқталып, қалғанында нидерландтық футболшылар жеңіске жетті.

Одан кейінгі С тобындағы Словения мен Дания ойыны 22:00-ге белгіленген.

Қазірге дейін екі құрама 6 мәрте шеберлік байқасты. Олардың 1-де тең нәтиже тіркелcе, қалғанында Данияның мерейі үстем болды. Словения әзірге аталған қарсыласын жеңе алмай келеді.

Словения биыл құрлықтық дода финалдық сатысында екінші мәрте ойнап жатса, Дания тоғызыншы мәрте келді.

Бүгінгі ойындарды сағат 23:55-те С тобындағы Сербия мен Англия кездесуі түйіндейді.

Ойын "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу