Еуропа чемпионаты: 20 маусымда қай құрамалар ойнайды

385

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жетінші ойын күні, 20 маусымда үш ойын өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еуропа чемпионаты: 20 маусымда қай құрамалар ойнайды Фото: Советский спорт

Ең алдымен 18:00–де C тобында Словения мен Сербия ойнайды. 

Кездесу Мюнхен қаласындағы "Альянц-арена" стадионында болады. 

Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Құрамалар бір-бірден жеңіске жетсе, екі кездесу тең нәтижемен аяқталды.

Бұл топтағы Дания мен Англия кездесуі 22:00–де өткізіледі.

Қазірге дейін құрамалар 22 ойын кездесіп, төртеуінде Дания, он үшінде Англия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Кездесу Франкфурт қаласындағы "Дойче Банк Парк" стадионында болады. 

Алғашқы турда Словения мен Дания 1:1 есебімен тең түссе, Сербия Англияға 0:1 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ Испания мен Италия кездесуі 00.00-ге белгіленген.

Ойын Гельзенкирхен қаласындағы "Фельтинс-Арена" стадионында өтеді. 

Алғашқы турда Испания Хорватияны 3:0, Италия Албанияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. 

Құрамалар қазірге дейін 41 мәрте кездесіп, 14-і Испанияғ 11-і Италияның басымдығымен аяқталса, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді.

Бұл топта 19 маусымда екінші турда Албания мен Хорватия 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Көш басында үш ұпаймен Испания мен Италия келеді. Ал Албания мен Хорватияның еншісінде бір-бірден ұпай бар. 

Ойындардың бәрі Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу