Еуропа чемпионаты: Франция құрамасы Австриядан басым түсті

333

Жанкүйерлер қауымы бұл ойынды асыға күтті деуге негіз бар. 

Еуропа чемпионаты: Франция құрамасы Австриядан басым түсті Фото: Спорт Экспресс

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының төртінші ойын күнін D тобындағы Австрия мен Франция құрамалары түйіндеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Франция құрамасында Килиан Мбаппе, Усман Дембеле, Антуан Гризманн, Н'Голо Канте секілді жұлдыздар бар. Әрбірі ойын тағдырын шешіп кете алады.

Сондықтан оларға Австриямен кездесуде жеңіске жету қиынға соға қоймайды деген болжам айтылған еді.

Австриялық футболшылар азулы қарсыласының ығына жығыла қойған жоқ. Қорғаныста сауатты ойын көрсетіп, франциялық ойыншылардың шабуылына тойтарыс берді.

Бұл Дидье Дешамның шәкірттеріне ұнаған жоқ. Басымдықты одан сайын арттыра түсті. Нәтижесінде 38-минутта Килиан Мбаппе австриялық бірнеше футболшыны алдап өтіп, қақпа маңында тұрған әріптесіне әуелете доп тастаған еді. Оны сыртқа шығарып жіберуге әрекеттенген австриялық Максимилиан Вёбердің баспен ұрған добы өз қақпасында тулап жатты.

Екінші кезеңде қос құрама шабуылға шықты. Десе де есеп өзгерген жоқ.

Осылайша Франция қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу