Еуропа елдері iPhone12-ден қауіптене бастады

1403

​Алайда Apple компаниясы да, соңғы жиырма жылда жүргізілген зерттеулер де, ұялы телефондардан денсаулыққа радиациялық зиян таба алмаған.

Еуропа елдері iPhone12-ден қауіптене бастады Фото: investvlg.ru

Бейсенбі күні Бельгия үкіметі Apple компаниясының iPhone 12 смартфондарынан төнетін қауіп мәселесін қарастыратынын мәлімдеді. Осыдан кейін Еуропаның өзге елдерінің де бұл модельге тыйым салу ықтималдығы артып отыр. Америкалық телефон төңірегіндегі жағдайдың бұлайша өрбуіне Францияда "12-ші айфондардың" радиациялық әсерінің нормадан асып кету себепші. Осы факт жарияланғаннан кейін бұл мемлекетте оларды сатуды тоқтатуға бұйрық берілген. 

Дегенмен, iPhone 12-ге бүкіл Еуропа одағы шеңберінде тыйым салу перспективасы әзірге байқалмайды. Еуропа комиссиясы мәлімдегендей, қандайда бір шешім қабылдау үшін Франция мен Бельгиядан басқа елдердің де пікірі қажет.

Еуропа одағына мүше елдер осы мәселеге қатысты түсініктемелерін үш айдың ішінде берулері керек. Италия "12-ші" модельге қатысты әзірге ешқандай шара қолданбайтынын ескертті.

Apple болса, Францияның қорытындысын жоққа шығарып, iPhone 12 телефондарының 2020 жылы шығарылғанын және оған бірнеше халықаралық ұйым радиациялық стандарттарға сәйкестік туралы куәлік бергенін алға тартып отыр.

Соңғы жиырма жылдың көлемінде ғалымдар ұялы телефондардың денсаулыққа зиянын анықтау үшін орасан көлемде зерттеу жүргізді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, олар байланыс құралдарының адам ағзасына залалын таба алмаған. 

Бельгияның цифрландыру жөніндегі мемлекеттік хатшысы Матье Мишель Reuters агенттігіне берген сұқбатында Бельгияның реттеуші органы француздардың қадамдарынан кейін бұл мәселені қарап жатқанын айтты.

"Біз дереу Бельгияның пошта қызметі және телекоммуникация институты осы қауіпті растауды немесе оны кем дегенде талдауды сұрадық және қазір бұл жұмыс жүргізіліп жатыр", - дейді Мишель.

Сонымен қатар Мишель реттеушіден барлық Apple смартфондары мен басқалар жасаған құрылғыларды кейінірек тексеруді сұраған. Дегенмен, ол еуропалық стандарттардың өте сақ екенін және олар қауіпсіздікке қатысты дереу алаңдаушылық тудырмайтынын атап өтті.

iPhone12  бұған дейін Францияда 2021 жылы радиациялық сынақтан өткен екен.

МОНИТОРИНГ

Голландияның сандық тенологияларды бақылау қызметі де осы мәселені зерттеп жатқанын және америкалық фирмадан бұған қатысты түсініктеме сұрайтыны мәлімдесе де, "денсаулыққа аса қауіп төніп тұрмағанын" атап өтті.

Италия өнеркәсіп министрлігі болса, жағдайды жіті бақылап отырғанын, бірақ әзірге ешқандай әрекетке бармайтынын ескертті.

Португалияның телекоммуникациялық реттеушісі ANACOM оқиғаны қадағалап, бұл мәселеде Франциямен күш біріктіретінін және ықтимал екі нәтиженің біреуін күтетінін мәлімдеді: Apple кемшілікті түзетеді, ал ол әрекет сәтсіздікке ұшыраса, Брюссель Еуропа одағына мүше мемлекеттерден "пропорционалдық шара қолдануды" сұрамақ.

iPhone12 шыққаннан кейін Ұлыбританияда радиациялық қауіпсіздік стандарттарына сай деп танылды және де Францияның шешімінен кейін Лондон қандайда бір жоспарын жариялаған жоқ.

Apple-дің Еуропадағы кірісі былтыр 95 миллиард долларға жетіп, бұл нарық компания үшін Америкадан кейінгі екінші орынға шықты. Кейбір деректеге қарағанда, өткен жылы Еуропада 50 миллионнан астам "айфон" сатылған екен.

Apple iPhone15-ті сейсенбі күні шығарды. Ал үш жасқа толған "12-ші айфондарды" Франция мен Еуропаның басқа елдеріндегі Apple дүкендерінен онлайн сатып алуға мүмкіндік жоқ. Бірақ, бұл телефондарды үшінші тұлғалардан немесе Amazon France-тан оңай сатып алуға болады. 

"iPhone 12 сатылымын шектеудің өзі iPhone-ға соншалықты кері әсер етпеуі керек. Бұл шектеуге жаңа модельдер іліксе, сонда алаңдауға болар", - деді DA Davidson сарапшысы Том Форте  Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Forte Apple компаниясы Қытайдағы ықтимал iPhone шектеулері және Еуропадағы жаңа деректер ережелері сияқты басқа жерлерде үлкен қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу