Еуропа елдері қаупі өте қатты инфекциямен бетпе-бет келді

Report басылымы Trichophyton indotineae инфекциясы таралып жатқанын жазды. 

Еуропа елдері қаупі өте қатты инфекциямен бетпе-бет келді Фото: Оксфорд университеті/Дж.Кэрнс

Ұлыбританияда аталған кеселдің артуы адам шошырлық жағдайда тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Еуропа өте қауіпті инфекциядан қорғануға мәжбүр. Қазірдің өзінде әр мемлекет шама-шарқынша оқшауланып, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Манчестер университетінің жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшысы Дэвид Деннингтің сөзінше, тері ауруының бұл түрі қызыл, қышитын бөртпелерді тудыруымен танымал. Ол ең алдымен шап, жамбас және бөкседе пайда болады. 

Ұлыбританияда соңғы үш жылда Trichophyton indotineae инфекциясының саны 500 пайызға артқан. Ауру әртүрлі жол арқылы жұғады. Қаупі өте жоғары. 

Сарапшы Дэвид Деннинг тері ауруының таралуы тез жүріп жатқанын және болашақта бүкіл жер-жаһанның басты мәселесіне айналатынын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу