Осылайша, АҚШ президенті ұсынған Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа стратегия Берлинде айтарлықтай алаңдаушылық туғызған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аналитикалық жазбада АҚШ-тың жаңа стратегиясында Еуропаның бұрынғыдай басты әріптес ретінде қарастырылмайтыны сөз етілген.
– Құжатта Еуропа енді негізгі әріптес ретінде анықталмайды, ал альянстардың (НАТО, ЕО) және ортақ құндылықтардың күшті рөлі бұрынғыдай баса көрсетілмейді. Еуропа енді басым серіктес ретінде сипатталмайды, керісінше проблемалы аймақ ретінде көрсетіледі. Ол Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Азиядан кейін үшінші орынға ығыстырылған, – делінген құжатта.
Германия Ішкі істер министрлігінің сарапшылары АҚШ-тың Еуропаға қатысты ұстанымынан сескенеді әрі қауіптенеді. Олардың ойынша, Вашингтон Еуропадағы саяси үдерістерге мақсатты түрде ықпал етуді көздейді.
– "Германия үшін балама" секілді партиялар ынтымақтастыққа лайық серіктес ретінде қарастырылады. Оңшыл партияларға үкімет қалыптастыру жөніндегі демократиялық тұрғыда заңды талаптарын іске асыруда көмек көрсетіледі, – делінген Германия ІІМ-нің талдамалық жазбасында.