1 қаңтардан бастап Еуропаның футбол лигаларында қысқы трансферлік терезе басталды. Клубтар ойыншыларды сатып алып, сата алады. Сондай-ақ жалға беріп немесе жалға ала алады. Топ-лигалардағы қысқы трансферлік кезеңнің мерзімдері төмендегідей:
Ағылшын Премьер-лигасы (АПЛ) – 1 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Ла Лига – 2 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Бундеслига – 1 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Серия А – 2 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Лига 1 – 1 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Еуропаның басқа лигаларында мерзімдер шамалас немесе сәл кейінге шегерілген. Мысалы, Бельгияда трансферлік терезе 6 қаңтарда, Швейцарияда 15 қаңтарда ашылады. Ал, Португалияда 4 ақпанда, Сербияда 14 ақпанда жабылады.
ФИФА мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы трансферлік терезе әдеттегіден ұзақ болады - 19 қаңтардан 3 сәуірге дейін.
Қысқы трансферлік кезеңде келген жаңа ойыншылар Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының негізгі кезеңінде ойнай алмайды. Тек плей-оффта ғана алаңға шығуға мүмкіндік алады. Сондықтан "Қайраттың" жаңа ойыншысы Яаакко Оксанен келісімшарты күшіне енгеніне қарамастан, "Брюгге" мен "Арсеналға" қарсы матчтарда Рафаэль Уразбахтинге көмектесе алмайды.