Еуропадағы кедейшілік қандай деңгейде?

4875

Бір жағынан, қазір әлем бұрынғыдан әлдеқайда бай. 

Еуропадағы кедейшілік қандай деңгейде?

Бір кездері тек элита өкілдері ғана қазір "тым кедейлік" санатына енетін жағдайда өмір сүрген болатын. Бүгінгі таңда мұндай жағдайда өмір сүретін тұрмысы нашар адамдардың саны азайып келеді.

Дүниежүзілік банктің дерегінше, 1990 жылы кедей жандар саны 1,9 млрд-ты құраған. Бұл сол кездегі әлем халқы санының 36 %-ы. 2018 жылға қарай бұл көрсеткіш 650 млн-ға азайып, жұмыр жердегі адамдар санының 8,6 %-ы болды. 

Дегенмен бұл құбылыс барлық елдерде бірдей байқалмады. Қытай мен Оңтүстік Азия елдерінде тұрмыстық жағдайы сын көтермейтіндер саны күрт төмендесе, ал Африканың орталығы мен оңтүстігінде жарты нанға жарымағандардың саны жыл санап өсіп келеді.

Euronews дерегі бойынша, "тұрмысы тым нашар" деп күніне 1,90 доллар жұмсап өмір сүретіндерді айтады. Мұндай көрсеткіштер Еуропада жоқтың қасы. Дегенмен кәрі құрлықта жалақы көлемі көп болғанымен, сәйкесінше шығын  мөлшері де жоғары. 

Осы орайда Дүниежүзілік банк әр елдің табысқа қатысты "кедейлік шегін" белгілейтін бағалау жүйесін жасап шығарған болатын. Еуроодаққа мүше елдердің басым бөлігінде бұл меже 21,70 доллар деңгейінде белгіленді.

Еуростаттың 2017 жылғы мәліметтері Еуропалық Одақтағы адамдардың 22,4% -ы, яғни 113 млн адам кедейлік немесе әлеуметтік оқшаулану қаупінде екенін көрсетеді.

Бұрын жұмыспен қамту кедейліктен шығудың жолы болып есептелетін. Кейбір сарапшылар қазіргі таңда мұның жеткілікті еместігін алға тартып отыр.

"Адамдар көптеп жұмыспен қамтылуда, шынтуайтында олар жалақыларын айдың соңына дейін әрең жеткізіп отыр", - деді Кедейшілікпен күрес жөніндегі Еуропалық құрылымның (EAPN) директоры Лео Уильямс.

Кедейшілікпен күрес жөніндегі Еуропалық құрылымының өкілдері кедейшлік пен кең етек жайған әлеуметтік теңсіздік арасында байланыс зор дейді. Олар әлемдік көшбасшыларды осыны назарда ұстап, кедейшілікпен күресте жаңа стратегия қабылдауға шақырып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу