Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкцияларды тағы жарты жылға ұзартты

297

Еуропалық Одақ Ресейдің Украинадағы соғысына байланысты енгізілген шектеулерді тағы жарты жылға созды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Anadolu Ajansı басылымына сілтеме жасап.

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкцияларды тағы жарты жылға ұзартты Фото: life.ru

Бұл шешім Брюссельде өткен елшілер кездесуінде қабылданып, 2 500-ден астам ресейлік жеке және заңды тұлғаға қатысты санкциялардың мерзімі 2026 жылдың 15 наурызына дейін созылды.

Санкциялар активтерді бұғаттауды және ЕО аумағына кіруге тыйымды қамтиды. ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас әлеуметтік желіде хабарлағандай, қазір 19-шы санкциялар пакеті дайындалып жатыр.

Онда ресейлік мұнай экспортына қосымша шектеулер енгізу, "көлеңкелі мұнай танкерлерін" және кейбір банктерді бақылауға алу мәселелері қарастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу