Еуропалық тәжірибеге негізделген қазақ тілді комикс жарық көрді

580

Бұл туралы Еуропалық Одақ өкілдігі материал жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Еуропалық тәжірибеге негізделген қазақ тілді комикс жарық көрді

Қазақстандағы Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында 2023 жылғы 6 маусымда Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі балалардың цифрлық сауаттылығы тақырыбына арналған жаңа комикстің тұсаукесерін өткізді.

Комикс еуропалық тәжірибе негізінде продюсер Қанат Сахариямен қазақстандық жас және дарынды суретші, сценаристер Мәдина Тәжбағамбетова, Бек-Ата Даниялдың қатысуымен әзірленді.

Туынды 6 мен 10 жас аралығындағы балаларға арналған. Ол бүлдіршіндердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйретуге негізделген.

Балғындарға онлайн ортада  қауіпсіздікті үйрету үшін комикске Қайсар есімді кейіпкер енгізілген. Ол супер қаһарман кейпінде балаларға кибербуллингке қарсы тұруға, ақпаратты дұрыс талдауға көмектеседі.

"Әуелде біз балаларға интернеттегі қауіпсіздікті үйретуді бейне сабақтар арқылы жүргізуді ойға алдық. Тағы бірнеше нұсқа болды. Сараптай келе комикс жанрына тоқтадық. Біріншіден, комикске балалардың қызығушылығы жоғары. Оны қабылдау да жеңіл болады. Алдағы уақытта әлеуметтік желілер мен сайттар арқылы комикстердің қолданыс аясын кеңейту жоспарымыз бар", – деді ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Қанат Сахария.

Айта кету керек, туындыны құрастыруға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі қолдау білдірген. Еуропалық комиссия былтыр балаларға арналған цифрлық қызметтерді жақсартудың және әр баланың интернетте қорғалуын қамтамасыз етудің жаңа стратегиясын қабылдаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу