Евгений Кошкин Солт-Лейк-Ситиде өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс медальға ие болды. 500 метрлік қашықтықта ол 33.67 секунд көрсеткішімен өзінің жеке нәтижесін жаңартты және мәреге екінші болып келді.
Жарыс көшбасшысы нидерландылық Еннинг Де Бо 33.63 секунд көрсетсе, үшінші орын кореялық Ким Джун Хоға бұйырды – 33.78 секунд.
Бұл мұз айдыны коньки спорты тарихында ерекше орын алады. 2019 жылы дәл осы жерде Павел Кулижников 31.61 секунд нәтижесімен әлем рекордын орнатқан еді. Кошкиннің қазіргі көрсеткіші әлемдік рейтингте үшінші орында тұр.
Келесі кезең Милан Олимпиадасына лицензиялық ұпай беретін маңызды жарыс болмақ. Ол 21-23 қараша аралығында Калгариде өтеді.